Василий Жиров Қазақстан боксшыларын қолдау үшін Италияға келді

Редактор
06.03.2024, 14:10

Қазақ боксшылары Олимпиада жолдамасы үшін сынға түсіп жатыр

instagram.com/serik_sapiyev

Атланта олимпиадасының чемпионы Василий Жиров Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде қазақ боксшыларына қолдау білдірді.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президент Серік Сәпиев жазба жазып, сурет жариялады.

Наурыз айының басында Еуропа төрінде басталған іріктеу турниріне АҚШ-тың Аризона штатынан егемендік жылдарында бокстан алғаш рет Олимпиада чемпионы атанған "Балқаш барысы" жарыс соңына дейін жүруге ниетті. Жарияланған суреттерде Жировтың еліміздің бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековпен қатар жүргені бірнеше рет байқалды.

Айта кететін жайт, боксшы бұған дейін боксшы Қазақстан боксшыларын баптауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бүгін Италиядағы сында әйелдер арасында 60 келіде Римма Волосенко уругвайлық Паола Пинейромен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, ерлерден 51 келіде Сәкен Бибосынов кениялық Давид Каранжа Мачариямен, ал 92 келіде Айбек Оралбай үндістандық Санжит Санжитпен кездеседі.

Айта кетейік, Римма Волосенко турнирдегі үшінші кездесуін өткізсе, Бибосынов шаршы алаңға екінші рет көтеріледі.