Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық кәсіпқой боксшы дебюттік жекпе-жегін жойқын нокаутпен аяқтады (ВИДЕО)

Редактор
06.03.2024, 11:21

Ол екінші жеңіл салмақта өнер көрсетеді

Instagram

Бокстан өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасонбай Дусматовтың бауыры Фарёзбек Дусматов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Оңтүстік Кореяның Пучхон қаласында өткен бокс кешінде Дусматов филиппиндік боксшы Джовер Армистосомен (5-2, 1 КО) жұдырықтасты. Алты раундқа жоспарланған кездесу небәрі бірінші раундта нокаутпен аяқталды. Өзбек боксшысының соққылар сериясынан есеңгіреп қалған Джовер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

Осылайша Фарёзбек Дусматов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады. Филиппиндік боксшы болса үшінші рет жеңіліп отыр.

Жарнама
Жарнама