Ол ұзақ уақыт рингке шықпаған
Италиының Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Жайна Шекербекова (54 кг) бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Қазақстандық боксшы қыз бүгін нигериялық Шукура Кариммен жұдырықтасқан болатын. Бірінші раундта Жайна қарсыласын жеңгенімен, қалған екі раундта төрешілер жеңісті Африкадан келген қызға берді.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Жайна Шекербекова ұзақ уақыт рингке шықпағандықтан бүгін тиісті деңгейде өнер көрсете алмаған.
Еске салайық, қыздар құрамасынан бұған дейін Римма Волосенко үш жекпе-жегін ұтып, ширек финалға жолдама алған еді. Жарыстың жартылай финалына шыққан боксшыларының бәріне Олимпиада лицензиясы беріледі.