Бұл – оның жаңа қызметтегі алғашқы сапары
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпан айында сайланған жаңа президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға келді.
Италиядағы сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта жолдама беріледі. Жарысқа еліміздің ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары қатысып жатыр.
ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетпек. Бұл Головкиннің жаңа қызметке сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары болып отыр.
Айта кетелік, бүгін, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді, ал Наталья Богданова мен Айбек Оралбай 1/8 айналымда сынға түседі.