Лицензиялық турнирде Хальзова жеңіп, Богданова жарысты аяқтады

Редактор
10.03.2024, 00:36

Жарысқа барған бес қыздың үшеуі жеңілді

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан боксшылары Валентина Хальзова жеңіске жетсе, Наталья Богданова жеңіліп қалды.

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Хальзова жастар арасындағы әлем чемпионы, түркиялық Бусра Исилдардан басым түсті. Үш раунд бойы Хальзова басымдық танытып, ширек финалға шықты. Енді 11 наурыз күні ол шешуші жекпе-жегін өткізеді.

Ал 66 келіде рингке шыққан Наталья Богданова польшалық Анета Ригельскадан айласын асыра алмады. Төрешілер үш раундта да басымдықты полк боксшысын берген.

Турнир басталғалы бері Қазақстан әйелдер құрамасының үшінші мүшесі жарыс жолынан шығып қалды. Бұның алдында 54 келіде Жайна Шекербекова мен 60 келідегі Римма Волосенко жеңілген еді.

Бүгін түнде 92 келіде Айбек Оралбай эквадорлық Хулио Сезар Кастильомен шеберлік байқасады.