Президенттен көмек сұраған Қанат Ислам ақыры Астанада «төбелесетін» болды

Редактор
27.10.2023, 13:10

Жекпе-жек желтоқсан айына жоспарланған

Sputnik Казахстан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізуді көздеп отыр. Prosports.kz порталының жазуынша, жанкүйер күткен кездесу Тәуелсіздік күні мерекесінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Аталған бокс кешінде тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшысы Садраддин Ахмедов те (13-0, 11КО) шаршы алаңға шығуға үмітті.

Ал Қанат Ислам соңғы рет бір жыл бұрын жекпе-жек өткізген. Ол өткен жылдың қараша айында аргентиналық Хавьера Франсисконы (34-21, 23КО) төрешілер шешімімен ұтқан еді.

39 жастағы боксшы бұған дейін өз салмағында рейтингте үздіктер қатарына енген. Алайда, салмақ ауыстырудан кейін ол төменгі орындарға түсіп кетті.