«Достығымыз мәңгілік»: өзбек бапкері Мырзағали Айтжановқа ерекше құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Редактор
12.03.2024, 23:49

Командалар Олимпиадаға дайындалып жатыр

скрин Instagram

Бокстан Италияда өткен лицензиялық турнир аяқталған соң Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының бапкерлері бір-біріне ерекше құрмет көрсетті. Бауырлас екі ел өкілдерінің осынау әрекеті әлеуметтік желіде де оң талқыға түскен.

Мырзағали Айтжановты құшақтап, төбесіне көтерген өзбек бапкері Рахмотжан Рузиахунов екі елдің достығы мәңгілік екенін айтып, қазақ пен өзбек боксшылары тек финалда ғана кездессін деген тілегін айтты.

Айта кетейік, Италиядағы жарысқа Өзбекстанның ерлер құрамасынан төрт боксшы барып, барлығы Олимпиадаға жолдама алды. Енді олар Париждегі додаға толық құрамда қатысады. Ал, Қазақстан Бусто-Арсициоға алты боксшы апарып, олардың бесеуі лицензиямен оралды. Тек 63,5 келідегі Мұхамедсабыр Базарбайұлының жолы болған жоқ. Енді бұл салмақтағы жолдама үшін Қазақстан Тайландта өтетін турнирде бақ сынайды.