Қазақстанның үш боксшысы Олимпиада медалін алуы керек – ресейлік сарапшы

Редактор
13.03.2024, 03:53

Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпиада ойындарына алты жолдама алды

Қазақстан бокс федерациясы

Ресейлік «неКАРАте» YouTube-каналының авторы бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирді қорытындылап, қазақстандық боксшылардың ахуалы туралы пікір айтты.

Аталған ресурс бокс әлеміндегі жаңалықтарды таратумен қатар, осы спортқа қатысты сараптама мен талдаулар әзірлейді.

«Бізде әлеуеті күшті Бибосынов, Сабырхан және Шымбергенов бар. Бұлар Олимпиада ойындарында медаль алуға үмітті басты боксшылар. Қазақстанның басқа боксшылары ренжімесін, бірақ олардың мүмкіндігі аз. Менің ойымша, Бибосынов, Сабырхан және Шымбергенов Олимпиадада медаль алады. Өзгелері шеберлігін арттыру үшін әлі жұмыс істеуі керек», - деді сарапшы.

Айта кетейік, бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпиада ойындарына алты жолдама алды. 63,5 келіде жолдама жоқ. Қыздар арасында тек Карина Ибрагимовада (57 кг) ғана Париже баратын лицензия бар.