«Телефонды алып қойды»: Асланбек Шымбергенов бас бапкердің қаталдығы туралы айтты

Редактор
13.03.2024, 10:25

1/8 финалда ол қарсыласын үлкен қиындықпен жеңген болатын

Қазақстан бокс федерациясы

Италияда бокстан өткен лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын иеленген Асланбек Шымбергенов жекпе-жектен кейін бас бапкерге бірден өзінің қалауын айтты.

Шешуші кездесуде жеңіске жеткен капитатынды сол сәтте Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бастаған Қазақстан делегациясының өкілдері құттықтады.

Қуанышын көппен бөліскен тараздық боксшы Мырзағали Айтжановқа өзінің тілегін айтып үлгерді. 

«Енді телефонымды берсеңіз. Жаттығу кезінде бапкер алып қойып еді еді», - деді ол көпшілікке қарап.

Шәкіртінің тілегін күліп тыңдаған Айтжанов оның ұсынысын күле қабылдады.

Айта кетейік, Италияда аяқталған лицензиялық турнирде Қазақстан боксшылары 5 жолдама иеленді. Олар: ерлер құрамасының мүшелері Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Айбек және Нұрбек Оралбайлар. Ал әйелдер құрамасының өкілдері бұл сында жолдама иелене алмады.