Санжар Тәшкенбай Сербиядағы жарыста сынға түседі

Редактор
14.03.2024, 11:50

Ол жарысты бірден жартылай финалдан бастайды

olympic.kz

Сербияда бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай сынға түседі.

Белград қаласындағы турнирге әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысадыдеп күтіулде. Оның 12-сі – Қазақстан боксшылары. Аталған бәсеке 17 наурызға дейін жалғаспақ.

Olympic.kz бұған дейін «Belgrade winner» турниріне қатысатын Қазақстан боксшыларының тізімін жариялаған болатын. Олардың қатарында  Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылкулов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ерасыл Таңқай (63,5 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Данияр Рахымбердинов (92 келі), Олжас Боқаев (+91 келі) сынды боксшылар бар.

Айта кетерлігі, Санжар Тәшкенбай жарысты бірден жартылай финалдан бастайды. Яғни, ол жекпе-жексіз қола жүлдегер атануы мүмкін.