Қазақстандық танымал боксшы қыз АҚШ-та жол апатына түсті (ВИДЕО)

Редактор
15.03.2024, 14:09

Оқиғаға мас жүргізуші себеп болған

instagram.com/lady_sparta/

АҚШ-та кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Аида Сатыбалдинова жол көлік оқиғасына ұшырады. Айтуынша, оқиғаға кінәлі жүргізуші мас күйде болған.

Бұл туралы танымал боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жол көлік оқиғасынан үш автокөлік зардап шеккен. Көліктердің бірінде кішкентай сәби болған екен. Оның жағдайы белгісіз.

«Бізде авария болды. Мас күйдегі жас ер адам бір көлікті соғып, ол көлік менің көлігіме келіп соқтығысты. Ішкенін жасыру үшін полиция келгенше алкоголь шөлмектерін лақтырып тастады. Міне, осы үшін мен мас адамдарды жек көремін. Іштің ба, көлік тізгігіне отырма, шошқа», - деп жазды Аида Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова Көкшетау тумасы. Ол 2017 жылы АҚШ-қа көшіп кетіп, кәсіпқой бокспен шұғылдана бастады. Бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен, үшеуінде жеңіліп, бірінде тең түскен.