Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жанқош Тұраров желтоқсанда Танзания боксшысымен жекпе-жек өткізеді

Редактор
27.10.2023, 23:57

Оның қарсыласы Африкада даңқты спортшылардың қатарында

Allboxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) желтоқсанда кезекті жекпе-жегін өткізбек. Орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Алматыда ұйымдастырылатын бокс кешінде өзінің IBO чемпиондық белбеуін қорғайды. 

Жерлесімізге қарсылас ретінде рингке танзаниялық боксшы Ибрагим Класс Мгендер (30-6, 14 KO) шығады. Ол кәсіпқой бокс әлемінде аса танымал болмағанымен, Африкада оның есімі көпке мәлім. Боксшы АҚШ, Германия және Панама елдерінде де жұдырықтасқан.

Ал, Жанқош Тұраров болса көктемнен бері шаршы алаңға шыққан жоқ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама