Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстанның ең мықты кәсіпқой боксшысы қарашада Ташкентте жекпе-жек өткізеді

Редактор
28.10.2023, 22:18

Ол тәжірибелі неміс боксшысымен өзара мықтыны анықтайды

Main Events

WBO ұйымының 2023 жылғы ең үздік боксшысы атанған Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 KO) жиырмасыншы жекпе-жегін Ташкентте өткізетін болды деп жазады 1bol.kz.

17 қарашада Нұрсұлтанов Өзбекстан астанасында неміс Винцент Файгентбутцпен (39-3, 32 KO) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақта WBC чемпионы атағына үміткер болады.

Айта кетейік, биыл желтоқсан айында Қазақстанның өзге де кәсіпқой боксшылары кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Мәселен, Жанқош Тұраров танзаниялық боксшымен өзара мықтыны анықтаса, Қанат Исламның қарсыласы енді белгілі болады.

Ал, Мейірім Нұрсұлтанов болса BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы болып саналады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама