Литвадағы турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды

Редактор
24.03.2024, 03:15

Қоржында үш күміс, екі қола медаль бар

Қазақстан бокс федерациясы

Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыстың финалына шыққан қазақстандық тоғыз боксшының алтауы жеңіске жетіп, үшеуі күміс медальді місе тұтты.

57 келіде өнер көрсеткен Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді жеңсе, 67 келідегі Елнұр Сүйінбай поляк Кирилл Глобенкодан басым түсті. Ал, Жандос Қыдыралиев (63,5 кг) ирландиялық Паул Хэйл Джонды, Фарух Тоқтасынов (71 кг) украиналық Максим Молоданды, Азамат Бектас (75 кг) поляк Михал Ярлинскиді және Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) ағылшын боксшысы Рамтин Мусаны жеңіп, жарыс чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Қазақстан командасының қоржынында үш күміс және екі қола медаль бар.