Литвадағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы финалға шықты

Редактор
23.03.2024, 01:38

Үш боксшы жеңіліп қалды

Қазақстан бокс федерациясы

Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан бокстан Альгирдас Шоцикас жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы финалға шықты.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақтық сында ел намысын Асылжан Серікбай (57 кг), Алмат Әбдуәли (60 кг), Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг), Елнұр Сүйінбай (67 кг), Фарух Тоқтасынов (71 кг), Азамат Бектас (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) және Абзал Құттыбеков (86 кг) қорғайды.

Даниял Сәбит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (+92 кг) жартылай финалда сүрінсе, Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) жүлдеге іліне алмады.