Ол енді жартылай финалда өнер көрсетеді
Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жолы» турнирінде 92 келіде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Сағындық Тоғамбай алғашқы кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті.
Жерлесіміз жарысты ширек финалдан бастап, жергілікті боксшы Фуад Джафаровты екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Енді оның кем дегенде қола медалі бар. Ал, жартылай финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Осылайша, Бакудегі турнирдің бірінші жарыс күні Қазақстанның алты боксшысы рингке шығып, олардың төртеуі жеңіліп қалды. Атап айтқанда, 51 келіде өнер көрсеткен Дамир Әбдіқадыр Иран боксшысы Мэхди Хорошахи Парвизиден жеңіліп қалса, әлемнің күміс жүлдегері Серік Теміржанов (63,5 кг) әзірбайжандық боксшы Руслан Рустамовқа есе жіберді. Сондай-ақ, 75 келіде өнер көрсеткен Тимур Нұрсейітов өзбекстандық Әлішер Аюбовтан айласын асыра алмады. Ал, аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік ресейлік Рамазан Карнукаевты жеңілді.