Кеше жарыс жолына шыққан қазақстандық алты боксшының төртеуі жеңіліп қалды
Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жолы» турнирінің ширек финалында қазақстандық Талғат Сырымбетов (60 кг) венгр боксшысын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Талғат Венгрядан келген Марк Адольф Балокты үш раунд бойы сабады. Тіпті, үшінші раунда рефери нокдаун ашты. Осылайша жерлесіміз халықаралық турнирдің кемі қола жүлдегері атанып отыр.
Айта кетейік, бүгін тағы екі боксшымыз жарыс жолына шығады. Алдымен 71 келіде Дархан Дүйсебай әзірбайжандық Наби Искандеровпен жұдырықтасса, 86 келіде өнер көрсететін Бекзат Таңатар өзбек боксшысы Самандар Джалоловпен өзара мықтыны анықтайды.
Кеше жарыс жолына шыққан қазақстандық алты боксшының төртеуі жеңіліп қалды. Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Серік Теміржанов пен Қамшыбек Қоңқабаев бар.