Қазақстанның ең сұлу боксшы қызы бүгін WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Редактор
29.10.2023, 13:15

Оның қарсыласы – Чили спортшысы Даниэла Асенхо

Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (5-0, 2 KO) Стамбұлда өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

29 қазанда Қазақстан боксшысы Чили спортшысы Даниэла Асенхомен жұдырықтасады. Олар ең жеңіл салмақта WBC Silver чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Айта кету керек, Ангелина Лукас WBC International және UBO чемпионы. Жанкүйерлер оны еліміздің ең сұлу боксшы қызы деп атап кеткен.