«Әлі де мүмкіндігім бар»: Данияр Елеусінов кәсіпқой боксты жалғастыратынын айтты

Редактор
29.10.2023, 11:38

Ол соңғы рет рингке 2021 жылдың желтоқсан айында шыққан

Prosports.kz

Кәсіпқой бокстағы карьерасын сәтті бастаған қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов соңғы екі жылдан бері рингке шыққан жоқ. Ол өз менеджерлерімен соттасып жатыр. Tengri Sport тілшісіне сұхбат берген спортшы алдағы уақытта чемпиондық титулдар үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүргенін айтты.

«Boxing Stars-пен сот әлі жалғасып жатыр. Бірақ, біз ортақ келісімге келе аламыз. Мен өз тарапымнан ұсыныс айттым. Егер олар келіссе менің карьерам жалғасады. Ал, егер келіспесе, олармен жұмыс істеуге зауқым жоқ. Өздері шешер. Мен өз атымды тарихқа жазып кететіндей әлі уақытым да, мүмкіндігім де бар», – бар дейді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Жартылай орта салмақта IBO чемпиондық белбеуінің және IBF Inter-Continental белбеуінің иесі.