Бакудегі турнирде қырғыз боксшысы тәжік қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Редактор
27.03.2024, 17:13

Бұл нокаутты IBA жоғары бағалады

IBA

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» турнирінде қырғызстандық Санжар Сейдакматов тәжік қарсыласын ауыр нокаутпен жеңіп, жарыстың келесі айналымына шықты.

57 келіде өнер көрсететін қырғыз боксшысы жартылай финалдық жекпе-жекте Тәжікстан өкілі Бузургмехр Иксановпен жұдырықтасқан. Небәрі бірінші раундта Санжардың ауыр соққысы қарсыласына дәл тиіп, ол бірнеше секундқа есін жоғалтып алды. Ал, орнынан тұрмақ болғанда тепе-теңдік сақтай алмай тағы ауып кетті.

Халықаралық бокс қауымдастығы бұл нокаутты жоғары бағалап, видеосын әлеуметтік желіде жүктеді.

Айта кетейік, аталған жарыста бүгін қазақ боксшылары да бағын сынайды. 

  • 48 кг. Теміртас Жүсіпов - Адам Алиев (Ресей);
  • 54 кг. Тимур Қабдешов - Максим Кузнецов (Ресей);
  • 60 кг. Талғат Сырымбетов - Бахтиер Асадов (Өзбекстан);
  • 71 кг. Дархан Дүйсебай - Касра Тахмасеби (Иран).