Сағындық Тоғамбай «кубалық қабыланды» жеңіп, Баку турнирінің жеңімпазы атанды

Редактор
28.03.2024, 19:01

Қазақстан қоржынында үш алтын, екі күміс медаль болды

Қазақстан бокс федерациясы

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» турнирінде Қазақстан құрамасы үшінші атын медаліне қол жеткізді. 92 келіде өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай Әзірбайжан атынан сынға түскен кубалық Лорен Альфонсо Домингесті айқын жеңді.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы «кубалық қабыланға» еш мүмкіндік берген жоқ, үш раунд бойы өз білгенін істеп, төрешілердің ойлануына да мүмкіндік бермеді.

Осылайша Сағындық «Ұлы Жібек жолы» турнирінің чемпионы атанып отыр.

Лорен Альфонсо Домингес Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы. Ол Кубада бокспен шұғылданып, мансабының негізгі бөлігін Әзірбайжан құрамасында өткізді.

Айта кетейік, аталған жарыстың финалына қазақтың бес боксшысы шығып, оның үшеуі алтын медальға қол жеткізді.