Қызметтен түнгі бірде хабарласып алып тастады, қазір сол адамдар істі болып жатыр – Бақтияр Артаев

Редактор
28.03.2024, 18:45

Астана қаласында Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.

1bol.kz

Жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің де боксшылары қатысып жатыр. 14 салмақ категориясы (жастар – 7, жасөспірімдер – 7) бойынша төрт елден жиналған 286 спортшы бақ сынап жатыр. 

Осы дода қарсаңында той иесі Бақтияр Артаевпен арнайы әңгіме құрып, қазақ боксының қазіргі жай-күйі, Париж олимпиадасы жайлы талқыладық.

Олимпиада чемпионы Астанадағы турнирді ұйымдастыруға кім мұрындық болып жатқанын айтты. Алдағы жылдары бұл турнир (Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін) дәстүрге айналып, оған қатысатын елдердің географиясы да кеңеюі мүмкін. 

Одан бөлек, Бақтияр Артаев қазір немен айналысып жүргенін айтып, соңғы 2-3 жылдан бері неге көп көрінбей кеткенін түсіндірді. Боксшы қазір бизнесте жүр. Тараз қаласында мейрамхана мен сән салонын ашып, 50 шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен. 

Ел арасында "Бақтияр Артаев олимпиаданың үздік боксшысына берілген Баркер кубогын сатып жіберді" деген әңгіме бар. Боксшы бұл әңгіменің қайдан шыққанын түсіндірді және Баркер кубогын сатпағанын, қазір оның дубликатын күтіп отырғанын айтты. 

Өте қызық подкаст болды. Артаев енді мемлекеттік қызметке орала ма? Қызмет ұсынса дайын ба? Міне, осы және басқа да әңгімелерді естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріңіз.