Украина боксшысы ұзақ үзілістен кейін рингке оралып, америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Редактор
03.04.2024, 12:21

Ол жарақатына байланысты бір жылдай емделіп жатты

facebook.com/VladyslavSirenkoBoxing

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық Владислав Сиренко (20-0, 17 КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралды. Соңғы жекпе-жегін ол 2021 жылдың желтоқсанында өткізген болатын

Нэшвиллде (АҚШ) өткен Texas Troubadour Theatre бокс кешінде Сиренко америкалық Деон Ронни Хейлмен (5-18-1, 4 КО) жұдырықтасып, жойқын нокаутпен жеңіске жетті.

Кездесу тағдыры үшінші раундта шешілді. Ауыр соққылар сериясынан кейін Хейл тізерлеп құлап, орнынан қайта тұра алған жоқ. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Сиренко – Хейл жекпе-жегі 5 наурызда өтуі тиіс болған. Алайда, АҚШ полициясы америкалық боксшыны қамауына байланысты бокс кеші кейінге қалдырылған.