«Бұл тосынсый болады»: Сауль Альварес жаңа жекпе-жегіне жарнама жасады

Редактор
03.04.2024, 14:48

Ол Геннадий Головкинмен төртінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін бе?

Чемпионат

Кәсіпқой бокста супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес (60-2-2, 39 КО) жұртты елең еткізетін мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, 4 мамырда Альварес өз отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) кездесу өткізеді.

«Иә, мен адамдарды, соның ішінде мексикалықтарды таң қалдыруға тырысып жүрем. Алдағы болатын жекпе-жекке келсек, екі мексикалықтың бір-бірімен кезесуі енді аса қызық емес шығар. Бірақ, менде халқыма бір айтарым бар. Бірақ, не екенін қазір айтпаймын. Бұл тосынсый болады. Маған адамдарды таң қалдыру өте қатты ұнайды», - деп мәлімдеді Альварес TMZ Sport тілшісіне берген сұхбатында.

Спорт сарапшыларының көбі «Канело» Мунгиядан кейінгі жекпе-жегіне жарнама жасады деп болжап отыр. Атап айтқанда, ол алдағы кездесуін жеңсе одан кейін америкалық Давид Бенавидеске (28-0, 24 КО) қарсы көптен күткен жекпе-жекті өткізеді дейді эксперттер.

Айта кетейік, Бенавидес Альваресті бұған дейін жекпе-жекке шақырған. Алайда, мексикалық чемпион қомақты гонорарға қарамастан бұл ұсыныстан бас тартты. Артынша, әйгілі Майк Тайсоннан сөз естіді.