Головкин тағы бір жекпе-жек өткізетініне сенімді болғам – Том Леффлер

Редактор
11.04.2024, 10:44

GGG кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтағанын әлі ресми мәлімдеген жоқ

reviewjournal.com

Америкалық әйгілі промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы мансабына қатысты өз пікірін айтты.

Айта кету керек, Леффлер мен Головкин ұзақ уақыт бірге жұмыс істескен. Қазақстандық боксшы қазір еліміздегі Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады. Кәсіпқой бокстан кеткенін ол ресми мәлімдеген жоқ.

«Головкин соңғы жекпе-жегін өткізіп кететін шығар деп үміттенгенмін. Бәлкім Қазақстанда, бәлкім Таяу Шығыстағы үлкен бокс кешінде оның өнер көрсететініне сенімді болғам. Бірақ, енді ол Қазақстанда үлкен лауазымды қызметке барды. Енді тек бокс саласына ғана емес, ол елдегі барлық спорттың дамуына жауапты. Яғни, қолы бос емес.

Менің ойымша, Геннадий енді өмірі мен мансабын рингте емес, басқа салада жалғастырады», - деді Леффлер BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында.