Боксшы қыз Олимпиада жолдамасын беретін турнирге дайындалып жатыр
Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың көшеде кездесейоқ кездескен ер адамды ауыр соққысымен шошындырған видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Соққының салмағын өлшейтін құралдың жанында тұрған Назымға егде тартқан ер адам қалай дұрыс ұру керектігін үйретпек болады. Оның боксшыны танымай тұрғаны анық байқалады. Назым болса құралды ауыр соққымен ұрғанда, әлгі ер адамның көзі шарасынан шығып кете жаздады.
«Мен мұндай әйел алғым келмейді, жағымды сындырып жіберерсің», - деп әзілдеді ол.
Айта кетейік, Назым Қызайбай бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол Париж Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысады.