Қазақ боксшылары өзбектермен және кубалықтармен бірге жаттығу жасап жатыр

Редактор
16.04.2024, 14:06

Ұлттық құрама Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл жиынға Өзбекстан мен Кубаның боксшылары да келген. Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар.

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады.