Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Махмұд Сабырханның інісі жастар арасында Азия чемпионатының финалына шықты

Редактор
01.11.2023, 15:48

Ол 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

Фото ашық дереккөзден

Бокстан Астанада жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында даңқты боксшы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан финалға шықты. Ол жартылай финалда 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде иорданиялық Омар Әл-Хадидиді 3 раунд нәтижесінде айқын басымдықпен жеңді.

Beeline Arena спорт кешенінде өтіп жатқан сында жас боксшы бапкерлер сенімін ақтап, өзіндік ерекше өнерімен көзге түсті. Қарсыласына еш мүмкіндік бергемен отандасымыздың шеберлігін үш раунда да төрешілер жоғары бағалады.

Бұдан бөлек, 60 келіде шаршы алаңға шыққан тағы бір Қазақстан боксшысы Бақтияр Анарбеков жапон спортшысы Акита Хориені 4:1 есебімен ұтты. Ал, 48 келіде сынға түскен Бексұлтан Боранбек жартылай финалда өзбек боксшысы Мухам Собутхановты 5:0 есебімен оңай жеңді.

23 қазаннан 4 қарашаға дейін созылатын сында жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы финалға шыққан болатын. Мәселен, жасөспірім қыздар арасында 8 боксшы ақтық сынға шықса, аталған жас шамасы бойынша ер балалар арасында 7 боксшы Азия чемпионы атану үшін жұдырық түйістіреді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: