Әзірге оның қарсыласы туралы ақпарат жоқ
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (13-0, 12 KO) біраз үзілістен кейін желтоқсан айында рингке оралады деп жазды Vesti.kz.
БАҚ-тың хабарлауынша, боксшы қазан айында жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, белгісіз себептермен бұл бокс кеші желтоқсанға қалдырылыпты.
Иван Дычко соңғы кездесуін былтыр маусым айында аргентиналық боксшы Ариель Бракмонтеге қарсы өткізді. Ол кезде жерлесіміз екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, жуырда аяқталған жазғы Азия ойындарынан кейін Дычко өзбекстандық боксшы Баходир Жалоловқа қатысты пікірін білдірген болатын. Иван әуесқой бокста жүргенде онымен төрт рет кездесіп, төртеуінде де жеңіске жеткен. Ал, кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін Жалолов әлем чемпионатын, Олимпиада және Азия ойындарын ұтып алды. Қвазақстан боксшысы онымен қайта рингке шықса бәрібір де жеңіп алатынын мәлімдеп отыр.