Ол 16 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) барлық салмақ дәрежесі бойынша өз рейтингін жаңартты. Тізімде қазақ боксшылары да бар.
Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыдан көтерілген жоқ. Бұл салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болса, бірінші және екінші орындар вакантты күйінде қалып отыр. Ал, үшінші орында – Денис Радован (Германия), төртіншіде – Андрей Михайлович (Жаңа Зеландия).
Екінші жартылай жеңіл салмақта «Қазақ патшасы» деген лақап аты бар Сұлтан Зауырек 13-орыннан 12-орынға көтерілді. Бұл салмақта әлем чемпионы – британ боксшысы Джозеф Кордина. Бірінші орында мекскалық Эдуардо Нуньес тұрса, екінші орын – вакантты. Үшінші сатыға жапон Масанори Рикиши жайғасқан.