Назым Қызайбай жігіттер қауымына ренішін жеткізді

Редактор
25.04.2024, 16:45

Оған белгісіз жігіт тікелей эфирде сөз салды

instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ер азаматтардың қыздарға деген қарым-қатынасына көңілі толмайтынын жеткізді.

TikTok желісінде стримде отырған боксшы қызға көрерменнің бірі үйлену туралы ұсыныс жасады. Танысып-біліспей жатып мұндай ұсыныс жасаған жігітке Назым:

«Сендер тек әлеуметтік желіде батылсыңдар. Қыздың көңілін аулау деген қайда? Онлайн отырып батыр боласыңдар. Шоколады бар құлпынай қайда? Содан бастаңдар, сонан соң гүл жіберу керек. Өзім таушымылдық (пионы) жақсы көремін. Пион арзан гүл емес, сондықтан қалтаңа қарау керек. Біз, қыздар, ер азаматтың қамқорлық танытқанын қалаймыз. Ақшаң болмаса, қызыңды қолдан жасалған дүниемен қуант. Өзім романтиканы жақсы көремін, жаным сондай», – деп жауап қатты.

Назым қыздарға арналған бокс залын ашу да жоспарында бар екенін айтады.

«Өзім тек қыздарға арналған бокс залын ашқым келеді, себебі қыздар өз-өзін қорғауды үйренуі керек. Әсіресе соңғы кезде адам шошитын оқиғаларды көп еститін болдық. Бірақ еркектің аты еркек, оның күші бәрібір көп, сондықтан есі дұрыс адамды таңдау қажет», - деді боксшы қыз.

Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге дайындалып жатыр. Жарыс мамыр айында Тайландта өтеді.

Материалда: