Әйгілі Теренс Кроуфорд өзбек боксшысы Исраил Мадримовпен жұдырықасады

Редактор
26.04.2024, 01:07

Жекпе-жек Мадримовтың салмағында өтеді

Getty Images

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) өзбек боксшысы Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 КО) жұдырықтасатын болды. 

Қос боксшы бүгін бетпе-бет кездесіп, жанкүйерлерінің алдына шықты.

Жекпе-жек 3 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында алғашқы орта салмақ дәрежесінде өтеді. Бүгінгі таңда өзбек боксшысы осы салмақтағы WBA тұжырымының чемпионы және WBO-ның уақытша чемпионы. Кроуфорд болса бір саты төмен салмақта чемпиондық титулдың бәрін жеңіп алған.

Мадримов соңғы кездесуінде ресейлік боксшы Магомед Курбановты бесінші раундта нокатупен жеңсе, Кроуфорд өз жерлесі Эррол Спенсті тоғызыншы раундта ұрып құлатты.

Бұл бокс кешінің андеркарты да қызыққа толы болғалы тұр. Басты жекпе-жектердің бірі аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Энди Руис пен Джаррелл Миллер арасында өтпек.

Сондай-ақ, бұл күні жұдырықтасатын өзге жұптар тізімі мынадай: 

  • Исаак Круз (26-2-1, 18 KO) — Хосе Валенсуэла (13-2, 9 КО)
  • Вирджил Ортис (20-0, 20 KO) — Тимофей Цзю (24-1, 17 КО)
  • Давид Моррель (10-0, 9 KO) — Радое Калайджич (29-2, 21 KO)
  • Энди Крус (3-0, 1 КО) — Джованни Кабрера (22-1-0, 7 КО)