Ол титулдық белбеу үшін төбелеспек
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBO және WBA Gold чемпиондық титулдарының иесі Жанқош Тұраров биыл жазда кезекте жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы оның менеджері Ұлжан Мұсаханова әлеуметтік желіде жазды деп хабарлады SPORT+.
Соңғы жекпе-жегін Жанқош былтыр желтоқсанда Алматыда өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңген болатын.
«Жанқош қазір Сочиде оқу-жаттығу жиынында. Маусым айының соңы немесе шілденің басында тағы бір жекпе-жек ұйымдастырамыз. Бәске тігілетін белбеу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Өте мықты титулға жекпе-жек болады», - деді Мұсаханова.
Айта кетейік, алғашқы жартылай орта салмақта WBA рейтингінде 33 жастағы Жанқош Тұраров алтыншы орында тұр.