Мейірімге қарсыласты Оңтүстік Америкадан іздеп тапқан
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (19-0, 11 KO) келесі қарсыласы ауысты. 17 қарашада ол Ташкентте неміс Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Adal Promotions компаниясының мәліметінше, Өзбекстан астанасында Мейірім Чили боксшысы Хулио Аламоспен (16-1, 9 KO) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе жерлесіміз WBC чемпиондық титулына міндетті үміткер болады.
«Аламос өзінің соңғы кездесуін IBO чемпиондық белбеуі үшңн өткізген. Қазір ол әлемдік BoxRec рейтингінде 23-орында тұр. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған және оның жеңімпазы WBC чемпиондық титулына міндетті үміткер болады», - делінген Adal Promotions компаниясының Instagram-парақшасында.