Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз
Мәскеудің орталығындағы мейрамханалардың бірінде 37 жастағы ер адам атыс ұйымдастырып, салдарынан төрт адам түрлі деңгейде жарақат алды деп хабарлайды ТАСС.
Ұсталған күдікті бұрын бокстан Еуропа чемпионы, халықаралық жарыстарды бірнеше рет жеңіп алған Никита Иванов болып шықты. Ол бұған дейін де қылмыстық және әкімшілік құқық бұзып, тиісті жазасын алған екен. Атап айтқанда, Никита Иванов 2020 жылы өзге боксшы Бассир Мирсиябовты соққыға жығып, оны жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарған.
Иванов бокстан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатында 2011 жылы (Түркия) күміс жүлде иеленсе, 2013 жылы (Беларусь) алтын алды.
Қазір Никита Ивановты полиция ұстап әкетті. Ал, оқ жарақатын алған төрт адам ауруханада.