Бүгін Азия чемпионатының финалында Төрехан Сабырхан өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Редактор
06.05.2024, 12:32

Ерлер 6 салмақта финалға шыққан

Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін бокстан жастар арасында Азия чемпионатының финалы өтеді. Жанкүйерлер асыға күтетін жекпе-жектердің арасында Төрехан Сабырхан мен өзбекстандық Мухамедазиз Исмаилов арасындағы кездесулер бар:

Финалдық жекпе-жектердің жұптары:

  • 60 келі. Алексей Хаванцев - Сагар Джахар (Үндістан) 
  • 67 келі. Төрехан Сабырхан - Мухамедазиз Исмаилов (Өзбекстан) 
  • 71 келі. Өнер Сейілхан - Пряндшу (Үндістан)  
  • 75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Рахул Кунду (Үндістан) 
  • 80 келі. Мадияр Бексұлтанов - Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан) 
  • 86 келі. Иманғали Нұрпейіс - Ахмаджон Исроилов (Өзбекстан)  

Қола жүлдегерлер: 51 келі Бексұлтан Боранбек, 54 келі Нұрасыл Төлебек, 57 келі Жансері Көшербаев, 63.5 келі Ахмет Үсен, 92 келі Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай

Қыздар:

  • 52 келі. Бағжан Отынбай - Ниша (Үндістан) 
  • 54 келі. Аяжан Сыдық - Таманнам (Үндістан)
  • 57 келі. Аяжан Ермек - Феруза Шарипова (Өзбекстан)
  • 60 келі. Толғанай Қасымхан - Никита Чанд (Үндістан)
  • 66 келі. Ұлдана Таубай - Дина Жанатбике (Қытай)
  • 70 келі. Мария Сидоренко - Альмира Абдрайыммен (Қытай)
  • 75 келі. Шұғыла Нәлібай - Рудрика (Үндістан)
  • 81 келі. Аружан Зейноллаева – Хуши (Үндістан)
  • +81 келі. Панар Сейітханқызы – Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)

Қола жүлдегерлер: 48 келі Әнел Абдрасилова, 50 келі Элянур Тұрғанова, 63 келі Аружан Жаңабаева.

Бүгін тек жастар бокстасады. 

Ал ертең 22 жасқа дейінгілер арасында финал болмақ. Бір қызығы, ертең Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 13 салмақтың барлығында жұдырықтасады.