Қарсыластары онымен жұдырықтасудан бас тартқан
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі жаңа титул үшін болмауы мүмкін. IBF оны чемпиондық титулды қорғауға міндеттеуде.
«Mo Boxing No Problem» Twitter-аккаунтының жазуынша, Жәнібектің келесі жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы өтеді. Ол IBF титулына міндетті үміткер.
Әлімханұлы биыл кіші Шейн Мозлимен (21-4, 12 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлаған екен. Алайда, қос тарап келісімге келе алмаған. Кіші Мозли Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істеседі және WBO NABO титулына иелік етіп отыр.
Сондай-ақ, қазақ боксшысы WBC титулының уақытша иегері доминикалық Карлос Адамеспен де жұдырықтаспақ болды. Екеуі тіпті, әлеуметтік желі арқылы бірін-бірі жекпе-жекке де шақырған. Алайда, бұл кездесу де өтпейтін болған.