Антикор басшысы бокспен шұғылданып жүр (ВИДЕО)

Редактор
10.05.2024, 12:43

Ол спортты өз өмірінің ажырамас бөлігі санайды

instagram.com/askhatzhumagali79/

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали спорттық бабын қалай сақтайтынын көрсетті.

Антикор басшысының әсіресе боксқа қызығушылығы жоғары екенін байқау қиын емес. Ол әлеуметтік желіде қолғап киіп жаттығып жүрген видеосын жиі салады. 

Одан қалды еліміздің танымал спортшыларымен кездесіп, осы саладағы жемқорлықпен күресу мәселелерін бірігіп талқылайтынын алға тартады. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, бүгінде жауапты қызмет атқарып жүрген былғары қолғап шеберлері бар.

«Спорт – менің өмір салтымның маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан маған спортшылармен кездескен әрдайым қызықты, оның үстіне бізді ортақ мақсаттар біріктіреді. Олардың игі істерінде сәттілік тілейік», – деп жазды Антикор басшысы.