Махмұд Сабырхан Елорда кубогін жеңіспен бастады

Редактор
13.05.2024, 14:24

Ол биыл Париж Олимпиадасына барады

Olympic.kz

Астанада басталған бокстан «Елорда кубогі» халықаралық турнирінде 57 келіде өнер көрсетіп жатқан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жарысты жеңіспен бастады.

Жерлесіміздің алғашқы айналымдағы қарсыласы Иран боксшысы Даниял Шахбахш болды. Үш раундта да Махмұд арақашықтықты сақтап, қарымта шабуылда сәтті ойнады. Соның нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Сабырханға берген.

Айта кетейік, бүгін рингке ұлттық құраманың өзге де боксшылары шығады. Атап айтқанда, команда капитаны Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев, Серік Теміржанов және Нұрқанат Райыс өнер көрсетеді.

Аталған жарысқа Қазақстаннан 59 боксшы қатысуда. Турнирге Өзбекстан Олимпиадаға баратын боксшыларын әкелген жоқ.