Серік Теміржанов та бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогінде» бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов қырғызстандық Жарқынбек Жакыпбекуулын айқын басымдықпен жеңіп, келесі айналымға шықты.
71 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз үш раунд бойы рингте еркін қозғалып, қарсыласының шабуылдауына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебін тіркеді.
Сондай-ақ, бүгін 63,5 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов та бірінші кездесуінде жеңіске жетті. Оның қарсыласы қазақстандық боксшы Шыңғыс Мусинов еді. Төрешілер бұл жекпе-жекте де 5:0 есебін тіркеп отыр.
Айта кетейік, «Елорда кубогінің» ашылу салтанаты бүгін өтті. Айтулы жарысқа әлемнің 11 елінен 170 боксшы қатысуда. Қазақстанның өзінен 59 боксшы бағын сынайды. Олардың қатарына Олимпиада ойындарына баратын алты боксшы бар.