Араға үш жыл салып аталған ән ниме болып бекітілді
Бокстан ҚР Ұлттық құрамасының 2002-2004 жылдары бас бапкері болған Ермахан Ибраимов 20 жыл бұрын Таиландта өткен әлем чемпионатындағы қызықты жағдай туралы айтып берді.
Оның сөзінше, Қазақстан боксшысы жеңімпаз атанып, мапараттау рәсімінде әнұран табылмай, делегация өкілі сол жерде Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні «Менің Қазақстанымды» орындаған.
«2003 жылы Бангкокте өткен кезекті әлем чемпионатында Галиб Жафаров жеңімпаз атанды. Еліміздің гимні ойнатылар сәтте келеңсіз жайт орын алды. Ұйымдастырушылар ҚР Әнұранының орнына Қазақ ССР-іні кезіндегі гимнді ойнатып жібермесі бар ма?! Улап-шулап жүріп тоқтаттық. Олар болса, «араларыңызда әнұран білетін біреу шығып айтыңыздар» деді. «Тұра тұр дейтін» сәт емес. Жиналған жұрт бізге қарап тұр. Сол кезде Қазақстан делегациясының жетекшісі Серік Төкеев «мен айтамын» деп ортаға атып шықты да, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін бастап кеп жіберді. Қосыла кеткенімізбен, іштей ыңғайсыздықтың болғаны жасырын емес. Себебі, ресми жарыста еліміздің заңды гимні емес, халықтың ұранына айналған ән айтылып тұр ғой. Сол сәтте қанымыз тулап, рухымыздың көтерілгені рас. Бірақ Геннадий чемпион болғанда жігіттердің бірі Тайландтағы ҚР елшілігінен гимнді жеткізіп үлгерді. Мына қызықты қараңыз, біз елге келген соң «Менің Қазақстаным» әнін гимн ету туралы бастама көтеріліп, бас-аяғы 3 жылда президенттің қол қоюымен заңды күшіне енді», - дейді Сидней Олимпиадасының чемпионы.
Белгілі спортшы «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде ресми бекітілместен 3 жыл бұрын бокстан әлем чемпионатында орындаған Серік Түкеевті ұлтжанды азамат екенін айтады.