Усик те, Фьюри де, Джошуа да мен үшін ешкім емес – Баходир Жалолов кәсіпқой боксқа оралады

Редактор
08.11.2023, 23:41

Ол аса ауыр салмақта өзін әлемдегі ең мықты боксшы санайды

Olamsport.com

Өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Баходир Жалолов (13-0, 13 KO) 2024 жылы Париж олимпиадасына қатысып, одан кейін кәсіпқой боксқа біржола ауыспақшы.

Бұл туралы vRINGe.com порталы жазды.

«Менің қазіргі мақсатым – Олипиаданың екінші алтынын жеңіп алу. Мұнан кейін кәсіпқой боксқа оралам. Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа – қайсысы болса да бәрібір, мен олармен жұдырықтасуға дайынмын», - деді Жалолов.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін Баходир 17 қарашада Ташкентте оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен (12-5-1, 7 KO) өткізеді.