Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов костарикалық боксшымен жұдырықтасатын болды

Редактор
16.05.2024, 10:59

Ол бұған дейін Венесуэла боксшысын нокаутпен жеңген еді

Mario Rojas

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (20-1, 15 КО) өзіне жаңа қарсылас тапты деп хабарлайды BoxRec.com.

Ахмедов келесі апта, яғни 23 мамырда рингке оралмақшы. Оның қарсыласы Коста-Рика елінің өкілі Энкарнасион Диас (18-4, 11 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кету керек, қазақстандық боксшы жақында ғана өзінің кезекті жекпе-жегін өткізген болатын. 27 сәуірде ол Алматыдағы «IBA чемпиондар түнінде» венесуэлалық Карлос Ривероны нокаутпен ұтқан. 

Али Ахмедов азір АҚШ-та жаттығу жасап, алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол бұған дейін Геннадий Головкиннің командасында болған және GGG Promotions бренді аясында өнер көрсеткен болатын.