Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың іріктеу кезеңін сәтті бастады

Редактор
26.05.2024, 12:59

Қазақстан құрамасы жалғыз 63,5 келіде Олимпиада жолдамасын иеленбеген

Қазақстан бокс федерациясы

Таиландтың Бангкок қаласында 

бокстан Париж Олимпиадасының соңғы іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Осы іріктеуге қатысып жатқан Қазақстан құрамасының боксшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы  алғашқы қарсыласын жеңді.

Ол 63.5 келіге дейін салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Кристиан Лаурентені (Филиппин) 5:0 есебімен оңай жеңді.

Жекпе-жек барысында Филиппин өкілі ережені қайта-қайта бұзғаны үшін екі рет ұпайы алынып тасталды.

Еліміздің ерлер құрамасы бұған дейін Олимпиаданың 6 жолдамасын жеңіп алған. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар. Жалғыз осы 63,5 келіде ғана жолдама алынбаған.