Алматыда Польша мен Қазақстанның кәсіпқой боксшылары титул үшін жұдырықастады

Редактор
26.05.2024, 21:28

Бокс кешінде Балауса Мұздыман да жекпе-жек өткізеді

Ашық дереккөзден

1 маусымда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. HAS PRO BOXING деп аталатын былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі ADD Arena-да өз көрермендерін күтеді. 

Бұл сынның басты жекпе-жегінде Қазақстан спортшысы Мирас Ертанов өнер көрсетеді. Жастар арасында WBC Asian Silver және WBO Asia Pacific белдіктерінің иегері Польшаның экс-кәсіпқой чемпионы, WBC International белдігінің бұрынғы иегері Виктор Коточиговпен шеберлік байқасады. 

Қос спортшы орта салмақта кәсіпқой бокс комиссиясының чемпионы титулы үшін өзара мықтыны анықтамақ. Кездесуде чемпион атанған спортшы 3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. 

Сондай-ақ, бұл турнирде аса ауыр салмақта әлемнің абсалютті чемпионы Александр Усиктің спарринг қарсыласы Нұрсұлтан Аманжолов, ағайынды Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар, Балауса Мұздыман, ұлттық құрама мүшесі Ертуған Зейнулинов шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Ал, Қазақстанның ең сұлу боксшы қызы саналатын Балауса Мұздыман үндістандық Моника Сингхпен жұдырықтасады.