Шымкенттік боксшы қыз қыздар арасында әлемнің абсолютті чемпионы болуды мақсат тұтады
Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Ангелина Лукас 11-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл жолы ол индонезиялық боксшыдан басым түсті.
Бангкокта өткен сында отандасымыз Харма Йестимен 8 раунд бойы жұдырықтасқа. Төрешілер жеңісті бірауыздан Қазақстан боксшысына берді.
Айта кететін жайт, аталған кездесу Ангелинаның кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісі. Ал қарсыласы Харма болса төртінші мәрте ащы жеңілістің дәмін татып отыр.
Бұның алдында қазақстандық боксшысы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, WIBF и WBF нұсқаларында әлем чемпионы атанған болатын. Сол жолы Лукас үндістандық Мамт Сингхті қапы қалдырған болатын.