Таиландта жүрген Серік Сәпиев алып кесірткелермен алысты (ВИДЕО)

Редактор
30.05.2024, 11:29

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков бұл сәтті видеокамераға түсіріп алған

instagram.com/serik_sapiyev/

Бокстан Таиландта өтіп жатқан лицензиялық турнирге Қазақстан делегациясының құрамында барған Серік Сәпиев қызық жағдайға тап болды. Ол Таиланд астанасындағы серуен кезінде алып кесіртке – варанмен «күш сынасып» көрді. 

Бангкоктегі саябақтардың бірінде Серік Сәпиев бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековпен таңғы жаттығу жасап жүгіргені туралы бейнежазба жариялады. Сол маңда кездескен алып кесіртке Лондон Олимпиадасының чемпионының назарын өзіне еріксіз аударған. Осыдан кейін ол тропикалық жануарды құйрығынан тартып, көтегісі келді. 

«Серік варанды айдап кетіп барады. Серік, тарт! Кім күшті?  Міне! Көтер, көтер, Серік! Қорықпа, Серік, несіне қорқасың», - дейді бейнежазға түсірген Мұхтархан Дәлдәбеков.

Алайда, Таиландта мекендейтін тұрпаты ірі кесірткелер боксшының сүйрей жөнелгенінен қаша жөнелгені байқалады. Бұл жағдай Мұхтархан Дәлдәбековтің көңіл күйін ерекше көтергенге ұқсайды.

Мамыр айының соңғы онкүндігінде басталған лицензиялық турнирге Қазақстан боксшылары қатысып жатыр. Олардың арасында екеуі ұтылса, қалған төртеуі жарысты жалғастыруда.