Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын иеленуге бір табан жақын қалды

Редактор
01.06.2024, 14:16

Әзірге Қазақстаннан үш боксшысын Олимпиада жолдамасын алатын мүмкіндігі бар

Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Валентина Хальзова ширек финалға шықты. 75 келіде сынға түскен отанадсымыз енді бір жекпе-жектен жеңіске жетсе, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

1/8 финалда Валентина Хальзова моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатардан 5:0 есебімен басым түсті. 

Бұған дейін 50 келіде Назым Қызайбай қарласынан басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алған еді. Сондай-ақ, ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда Куба боксшысынан ұтылды. Енді жолдама үшін тағы да кездесу өткізетін болады.