Жәнібек Әлімханұлы алдағы жылы жаңа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

Редактор
01.06.2024, 11:24

Оған дейін ол өз салмағында абсолютті чемпион болуды жоспарлап отыр

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жылға жоспарымен бөлісті.

Қазақстандық даңқты боксшы салмағын өсіріп, бір саты жоғары дивизионға ауысуды көздеп отыр.

«Мен алдымен барлық титулды жинап алғым келеді. Көп қалған жоқ. «Екінші боксшымен» қыста жұдырықтасам. Сосын кезекте Лара тұр. Оны жеңгеннен кейін 168 фунтқа кетемін», - деп жазды Әлімханұлы өзінің X-парақшасында.

Еске салайық, орта салмақтағы WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада. Ал, WBC титулын жуырда ғана доминикалық Карлос Адамеске өткен болатын. 

Жәнібек келесі жекпе-жегін 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы өткізеді. Бұл кездесуде жерлесіміз өзінің IBF титулын қорғауы тиіс.