Ермахан Ыбыраймов неге «титушка» болды? PR маманы жауап берді

Редактор
06.06.2024, 11:38

Даңқты боксшы 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен үш алтынның бірін олжалаған болатын

ҚазТАГ

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов 2021 жылы Парламент Мәжілісі сайлауы кезінде Алматының орталық алаңында билікке қарсы наразылыққа шыққан бір топ азаматты сабырға шақырған болатын. Сонымен қатар, ол белсенділердің плакатын жыртып, кейбірінің жағасына жабысқаны да әлі есте.

Әлеуметтік желіде оны алаңға биліктің бұйрығымен арандату мақсатында барған «титушка» деп атағандар бар. Осыған қатысты PR маманы Ақсұлу Санғали пікір білдірді.

«Қасықпен» жинаған абыройды шелектеп төкті» деген әдемі сөз ғой. Ол мәслихат немесе мәжіліс депутаты болғаны үшін ғана барды деп айтуға келмес. Біріншіден, өзінің азаматтық позициясы болуы мүмкін. Мені кешіре көрсін, бірақ саяси жағынан алдағы жағдайларды болжай алмауынан барған секілді. Адамдар жиналған кезде бәрібір тәуекел бар. Бір саланың көшбасшысы болсаң, сол саланың мықтысы болуың керек. Әрі қарай ән айтам, саясатта да жүруім керек деген дұрыс емес. Осы жағдай образыңды шашыраңқы етеді», - дейді Ақсұлу Санғали «Айқап» подкастында.

Митингтегі осы жағдайдан кейін Ермахан Ыбрайымовты қатаң сынағандар көп болды. Экс-боксшының өзі де медиа-кеңістіктен «жоғалып кетті» деуге болады.